Куба ЕАЭО-мен экономикалық байланыс орнатуға мүдделі
Бұл жайында Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілетті министрі Рене Монсоте Лопес ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі алқасының мүшесі (министрі) Татьяна Валоваямен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуразиялық экономикалық комиссия баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Кубамен экономикалық ынтымақтастығы үшін мүмкіншіліктерді, өзара сауданы арттыруды және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыға салған.
ЕЭК штаб-пәтерінде өткен кездесуге Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сауда-экономика мәселелері жөніндегі елші-кеңесшісі Роладо Сайяс Бу да қатысқан.
«Біз ұлттық үкіметтермен екіжақты қарым-қатынасты ғана дамытып қана қоймай, өңірлердің интеграциялық бірлестіктерімен де жан-жақты байланысты өрістетудеміз. Әрине, біз Куба Республикасының серіктестік байланысты дамытуға мүдделік танытуын қолдаймыз», - деді Татьяна Валовая.
Куба Елшілігінің өкілетті министрі Кубаның Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрінің атынан қазан айының соңы мен қараша айының басында өтетін халықаралық гавана жәрмеңкесіне қатысуға және Гаванада ЕАЭО-ны ресми таныстыруға шақыруды табыс етті.