"30 желтоқсан күні елде үш миллион туристің қабылданғаны белгілі болды. Бұл біздің еліміз үшін рекордтық көрсеткіш, ол өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артқан", делінген ведомствоның хабарламасында. Кубаға ағылған туристердің негізгі легі Канададан болған, 30 желтоқсан күні де үш миллионыншы турист осы елден барған. Солтүстікамерикалық мемлекеттен соң туристерді қабылдау жағынан Ұлыбритания, Аргентина, Германия, Франция мен Испания көш бастап тұр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
22:14, 01 Қаңтар 2015
Куба елі тарихында тұңғыш рет туристерді қабылдаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба елінің тарихында тұңғыш рет аталмыш елге өткен 2014 жылдың ішінде үш миллион шетелдік турист барған. Бұл туралы аралдық мемлекеттің туризм министрлігі хабарлады.