Бұл туралы Кубаның сыртқы саясат ведомствосы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні Конгреске дүниежүзіндегі лаңкестіктің жағдайы туралы жыл сайынғы баяндамасын таныстырды. Құжатта «лаңкестерге дем беруші демеуші», яғни «лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп отырған» елдердің тізімі анықталып отыр. Олардың қатарында бұрынғысына Судан, Сирия және Куба елдері қалып отыр.