Куба өз азаматтарының шетелге шығуына рұқсат берді

None
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Куба өз азаматтарының шетелге шығуына рұқсат беріді, деп хабарлады «Аргументы недели» басылымы.

Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұрынғы рұқсат беру рәсімі жойылады және келесі жылдың 14 қаңтарынан бастап шетелге шығу жөніндегі тәртіп күшіне енеді, соған сәйкес көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізіледі.

Қазірге дейін Куба азаматтары ұзаққа созылатын және қымбатқа түсетін рұқсат алу үдерісінен өтуге тиіс болып келеді, ал диссиденттерге шетелге шығуға мүлдем рұқсат жоқ.

Рұқсат беру рәсімін жою бірқатар реформалар жасаған президент Рауль Кастроның соңғы шешімі.

Аралдың тұрғылықты халқы құжаттарын жаңартпай-ақ шетелде 24 ай болуына, яғни екі жылға мүмкіндік берілмек. Ал бұған дейін олардың 11 ай ғана болуына рұқсат етілген.  

Бұдан бұрын Кубада шетелге шығуға тырысқан адамдар сатқындар және революция жаулары ретінде қаралды. Дегенмен шенеуніктер көптеген кубалықтардың жэкономикалық себептермен елден шығуға талпынуына түсіністікпен қарайды және бұдан елдің қаржылай пайда табуы және отанына оралғандардың білікті азаматтар болып шығуы әбден мүмкін.

Дегенмен Кубада әлі де «адами капиталды» қорғауға маңыз берілген, жоғары білікті кәсіпқойлардың, дәрігерлердің шетелге шығуы оңайға түспейді.