Кастроның айтуынша, жұмыстан босатылғандар жеке бизнесті жүргізуге салынған тыйымдардың жеңілдетілуінің арқасында жаңа жұмыс орындарын таба алады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Экономика саласындағы бұл жаңа шаралар, Куба экономикасының күші кете бастағаны туралы Фидель Кастроның мәлімдемесінен бірнеше күннен кейін жарияланып отырғанын айта кету керек.