«Біз «қара жәшіктердің» біреуін таптық. Ол жақсы сақталған. Жуық арада біз оның екіншісін де табамыз деген үміттеміз»,-деді министр.
Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз. Кубаның көлік министрлігі осы істі тексерумен айналысатын арнайы комиссия құрды.
Boeing 737 ұшағы Гаванадағы Хосе Арти атындағы әуежайдан ұшып шыға салысымен апатқа ұшыраған. Лайнердің бортында 111 адам болған. Олардың 108-і қаза болды. Аман қалғандардың барлығы Гавана ауруханаларында жатыр және барлығының жағдайы өте ауыр.
Лайнер Гавана-Ольгин бағыты бойынша ішкі рейске шыққан. Ұшақ Гаванадан оңтүстікке қарай 20 км қашықтықта жатқан әуежай мен Сантьяго-де-Лас-Вегас елді мекені арасындағы ауыл шаруашылығы аумағына құлады.