Ұшақтың бортында 104 адам болған, әуе кемесі Кубаның Ольгин қаласына рейске аттанған.
Қазіргі уақытта Хосе Марти атындағы әуежайдың үстінде қою қара түтін көрінеді. Апат болған жерге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері аттандырылған.
Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ құрбан болғандардың саны да әлі нақтыланбаған.