Куба билігі 13 адамның із-түзсіз жоғалғанын мәлімдеді, құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуде, 40 адам жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Ел Президенті Мигель Диас-Канель оқиғаға теракт нұсқасын берді. Алдын ала тергеу бойынша, қайғылы оқиғаға газдың жарылуы себеп болуы мүмкін.
Жарылыс жұма күні таңертең болып, ғимараттың қасбетінің бір бөлігі опырылып, өрт шыққан. Түтін Гавананың әртүрлі аудандарынан байқалды.
Саратога қонақ үйінің тарихи ғимараты 19 ғасырдың аяғында салынған, соңғы қалпына келтіру 2005 жылы жүргізілген.
11:31, 07 Мамыр 2022
Кубада болған жарылыстан кемінде 9 адам қаза тапты
ГАВАНА. ҚазАқпарат - Куба астанасының орталығында орналасқан бес жұлдызды Саратога қонақүйінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.