Кубада тікұшақ құлап, бес адам мерт болды

ГАВАНА. ҚазАқпарат – Жұма күні Кубаның шығысында тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Cubadebate порталына сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан экипаждың бес мүшесі қаза тапты.

Тікұшақ Ольгин провинциясынан Гуантанамо провинциясына ұшқан.

Reuters агенттігінің мәліметінше, ол «қыратқа соғылған».