Кубалық әнші «Қара жорға» әніне бейнеклип түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кубалық әнші Исак Реал «Алдаспан» тобымен бірлесе отырып, қазақстандағы екінші бейнебаянын жарыққа шығарды. «Ай, Мария» әніне Алматының әсем жерлерін үйлестіріп, алғашқы клипін түсірген шет елдік азаматтың көзі бұл жолы халық әні «Қара жорғаға» түскен екен.

Елімізге ең алғаш келіп «Қазақстан дауысы» бағдарламасына қатысып, «Дудар-ай» әнімен қазылар алқасын таңқалдырған жігітке біздің әндердің ырғақтары мен сөздері қатты ұнайды екен, деп жазады massaget.kz.