Кубалық футболшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

ГАВАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат – Кубалық футболшы Эрик Эрнандес (Erick Hernandez) 1,5 сағат бойы допты тізесімен 8 мың рет теуіп, Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Бұл Эрнандестің алғашқы рекорды емес екенін айта кету керек. Бұған дейін ол 1 минут бойы басымен допты 350 рет соғып, рекорд жасаған. Оған қоса ол доптармен жонглерлік жасап, 7 сағат 17 минуттың ішінде марафондық 42,2 шақырымға жүгірген. «Жылдың соңына дейін тағы бір рекорд жасағым келеді. Ол жолы 20 сағат бойы доптармен жонглерлік жасайтын боламын», деді Эрик Эрнандес жергілікті телеарналарға берген сұхбатында.