Кубаның ұлттық энергетикалық жүйесі бір апта ішінде екінші рет істен шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Кубаның ұлттық электр энергетикасы жүйесі бір апта ішінде екінші рет толық істен шықты. Бұл туралы Кариб республикасының Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрлігі хабарлады, деп жазады БелТА .

Фото: Александр Павский / Kazinform

«Электр энергетикасы жүйесі толық ажыратылды. Қазіргі уақытта оны қалпына келтіру хаттамалары іске қосылды», делінген министрліктің X әлеуметтік желісінде жариялаған хабарламасында.

Кубаның ұлттық электр энергетикасы жүйесі 6 шілдеде де істен шыққан болатын. Содан бері ел аумағының басым бөлігінде электр энергиясын беру іс жүзінде тоқтап тұр.

Айта кетейік, Апат АҚШ әкімшілігінің Гавана билігіне экономикалық және саяси қысымды күшейтуі аясында болды.