Мейман 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысатын Куба елінің делегациясын бастап келді.
- Сізді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ыстық ықыласпен қарсы алуға қуаныштымын. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Форум дәстүрлі түрде сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мен күшейтуге бағытталған. Сонымен қоса негізгі басымдық жасанды интеллектке беріліп отыр, - деді Арман Шаққалиев.
Өз сөзінде Куба Вице-президенті маңызды іс-шараға шақыртуды қуана қабыл алғанын жеткізді.
ЕАЭО 2020 жылы Кубаға бақылаушы ел статусын берді.
Айта кетейік, БҰҰ Кубаға мұнай жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.