Тиллерсонның сөзінше, мұндай шешім Куба билігінің америкалық дипломаттарды өз елінде қорғай алмауына қатысты қабылданған. Аталмыш шешім жөнінде Куба тарапы хабардар етілді.
Мәлімдемеге сәйкес, Вашингтон Кубадағы өз дипломаттарының санын қысқартып, барлық қызметшілер отбасылармен бірге қайта оралды.
«АҚШ Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасты ұстануды жалғастыруда», - делінген құжатта.
Айта кетейік, Кубадағы америкалық дипмиссияның 22 қызметкері құлақ ішіндегі ауырсыну, есту қабілетінің жойылуы сынды симптомдарды сезінген. АҚШ мемлекеттік департаментінің пайымынша, Гаванадағы америкалық елшіліктің бірқатар қызметкеріне арнайы құрылғылардың көмегімен акустикалық шабуыл жасалған.