Кубаның 11,2 млн тұрғынының 5 пайызында ғана үйдегі интернет бар. Оны қосу үшін коммунистік үкіметтен рұқсат талап етіледі. Қалған тұрғындар Wi-Fi-ды пайдалана алады. Оны бір сағат қолдануға елдегі орташа жалақының бес пайызы көлемінде ақы талап етіледі.
«Наурызда ғаламторға ақысын төлеуді бастаймыз. Бұл қолымыздан келе ме, білмеймін. Ең бастысы, қыс бойы тегін интернет пайдаланатын болдық», - деді ол Independent басылымына берген сұхбатында.