Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Сәрсенбі күні аралдағы мемлекеттің азаматтық қорғаныс күштерінің бас штабы тиісті құжатты жариялады. Гавана, Артемис және Майабеке провинцияларына ескерту жасалған.
Адам шығыны жоқ, келтірілген материалдық залалдың көлемі де елеусіз. Алайда Пинар-дель-Риодағы бірнеше елді мекенде өзендер мен айдындардағы судың көлемі күрт артып, олар байланыссыз қалған.