ОРАЛ. KAZINFORM – Оралға қарасты Зачаган кентінде су құбырында апат болды.
«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әзербайжан көшесі бойында диаметрі 400 мм су құбырынан ақау шыққан.
Соған Әзербайжан, Т.Бигелдинов көшесі, «Балауса» шағынауданы және Байтақ көшесі 2/2-мекенжайына бүгін сағат 12.00-ден бастап салқын су беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Зачаган кентінде осындай жағдай жиі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Ақжайық» шағынауданының тұрғындары су ақысын төлей алмай отырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).