Құбырдың жарылуына байланысты Өскеменнің бір бөлігі сусыз қалды
01:22, 22 Мамыр 2025
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменде Жібек мата комбинаты ауданында су желісінде болған апатқа байланысты су беру тоқтады.
Судың берілмей қалуына жайлы мектеп салынып жатқан Уәлиев көшесіндегі диаметрі 300 мм-лік құбырдың жарылуы себеп болды.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің хабарлауынша, апаттың салдарымен күрес жұмыстары таңғы сағат 08:00-ден бастап жүргізіліп жатыр. Апат болған бөлік өшіріліп, арнайы техника шығарылып, насос стансасының желісіндегі қысымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Өскемен-Водоканал» МҚК өкілдері су беру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетінін хабарлады. Қазіргі таңда 19-20 аудандардың кейбір бөлігіне қазірдің өзінде су барып тұр.
Осыған дейін ШҚО-да 2 мыңнан астам адамды кене шаққаны туралы хабарладық.