Құбыр тозған: Ертеңнен бастап Теміртау қаласында су кестемен беріледі
«Ертіс-Қарағанды су құбыры бойынша су көлемінің жеткіліксіз түсуіне, құбырдың тозған жағдайына, сондай-ақ суық суды тұтыну шығынының ұлғаюына байланысты «Оқжетпес-Т» ЖШС шаруашылық ауыз сумен жабдықтауды кесте бойынша беруге мәжбүр екенін хабарлайды. Осыған байланысты 11, 12, 13, 14 шілде күндері су сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін беріледі. Шаруашылық ауыз су қорын жинап алуыңызды сұраймыз», - деп жазылған Теміртау қаласы әкімдігінің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
Мәлім болғандай, тоқтаған уақыттарда үйлердің ауласына көліктер арқықы су жеткізіледі. Жергілікті құзырлы орган судың қай кезеңнен бастап қалыпты берілетінін мәлімдеген жоқ.
Қоса кетсек, бұған дейін Ақмола облысындағы ауыз сусыз қалған Егіндікөл ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.