«Отставкаға кетуіне байланысты Алексей Кудрин вице-премьер және қаржы министрі лауазымынан ғана емес, Қаржы нарығы Кеңесінен, Ұлттық банкі кеңесінен, сондай-ақ басқа да құрылымдық, соның ішінде Ресейдің мүддесін танытатын халықаралық лауазымдардан да кетеді. Бұл қызметтерді қазіргі мемлекеттік қызметкерлер атқаратын болады», - деген Дворковичтің сөзін "Ведомости" басылымы келтіріп отыр.
20:30, 11 Қазан 2011
Кудрин барлық лауазымынан кетеді
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бұрынғы вице-премьер, Ресей Қаржы министрі Алексей Кудрин барлық құрылымдағы лауазымынан, соның ішінде ол Ресейді танытатын халықаралық лауазымдардан де кететін болды, деп хабарлады журналистерге Ресей Президентінің көмекшісі Аркадий Дворкович.