Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта циклон Минамитори атолл аралы ауданында және солтүстік батыстағы негізгі Хонсю аралына қарай 10 км/сағ жылдамдықпен жылжып барады.
Орталықтағы желдің жылдамдығы 18 м/с, екпіні 25 м/с дейін.
Мамандар дауыл аптаның ортасына қарай Хонсюдің шығыс жағалауына жақындап, сонымен қоса бірге жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтуде.
Бұдан бұрын Жапонияда Хайшен тайфунының салдарынан төрт адам хабар-ошарсыз кетіп, 52 адам жарақат алған еді.