Оның айтуынша, жылдың басынан бері департаментке тұтынушылар 4426 өтінішпен жүгінген.
E-otinish платформасы және электронды үкімет порталы арқылы 2525 өтініш түскен.
Оның ішінде 2000 тұтынушыға түсініктеме берілсе, 160 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға жіберілген, ал 260 жағдайда тұтынушылардың мәселесі шешімін тауып, оларға 115 млн теңге қайтарылған.
Ал, енді Telegram Bot арқылы 555 өтініш түскен, олар бойынша тұтынушы сұрақтарына толықтай түсініктеме беріліпті.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында 695 тұтынушының мәселесі тыңдалса, жедел желі телефонына 650 тұтынушыдан қоңырау түсіп, әр сұраққа департамент тарапынан заңға сәйкес кеңес берген.