Құқық қорғау органдарында тұрғын үй төлемдерін алатын лауазымдар тізбесі өзгерді

АСТАНА.KAZINFORM – Үкіметтің 2026 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдары қызметтерінің лауазымдар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Атап айтқанда, тізбеге Активтерді қайтару қызметі енгізілді.

Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, Активтерді қайтару комитеті Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен алмастырылды.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратында мыналар көрсетілетіні нақтыланды:

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі, Активтерді қайтару жөніндегі қызмет, Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті, Қаржы департаменті:

Қызмет бастығы;

Департамент бастығы;

Қызмет бастығының орынбасары;

Бас прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі;

Бас прокуратураның Департамент бастығының орынбасары;

Бас прокуратураның дербес басқармасының бастығы;

Бас прокуратураның басқарма бастығы;

Дербес басқарма бастығының орынбасары;

Бас прокурордың аға көмекшісі;

Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары;

Бас прокуратураның бөлім бастығы;

Бас прокурордың кеңесшісі, көмекшісі;

Бас прокуратураның басқарма, бөлім аға прокуроры;

Бас прокуратураның басқарма, бөлім прокуроры.

Айта кету керек, функционалдық міндеттері: ұйымдастыру-бақылау және талдау жұмысын; кадрлық қамтамасыз етуді (қызметтік, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жүзеге асыруды қоспағанда); қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді (Ахуалдық орталықты қоспағанда) іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Сондай-ақ аталған тізімге Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (ИҚҚК) кіреді:

ИҚҚК төрағасы;

ИҚҚК төрағасының орынбасары;

ИҚҚК басқарма бастығы;

ИҚҚК басқарма бастығының орынбасары;

ИҚҚК бөлім бастығы;

ИҚҚК басқарма, бөлім аға прокуроры;

ИҚҚК басқарма, бөлім прокуроры.

Бұл ретте тұрғын үй төлемдері функционалдық міндеттеріне мына бағыттар бойынша іске асыру мәселелері кіретін лауазымдарға қолданылмайды:

тіл саясатын;

бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жұмысын;

құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде құпия құжаттамалық қамтамасыз етуді;

кадрлық қамтамасыз етуді (қызметтік, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жүзеге асыруды қоспағанда);

қаржылық қамтамасыз етуді;

ақпараттандыруды, цифрландыруды және ақпараттық ресурстарды қорғауды;

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты:

Төтенше жағдайларды жою департаменті, Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті, Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы (Департамент құқығында), Кадр және тәрбие жұмысы департаменті, Жұмылдыру дайындығы басқармасы, Анықтау басқармасы:

департамент, орталық бастығы;

департамент, орталық бастығының орынбасары;

дербес басқарма бастығы;

дербес басқарма бастығының орынбасары;

департаменттің, орталықтың басқарма бастығы;

кезекші бөлім бастығы;

департаменттің, орталықтың басқарма бастығының орынбасары;

департаменттің, орталықтың бөлім бастығы;

департаменттің, орталықтың басқарма бөлімінің бастығы;

дербес басқарманың бөлім бастығы;

дербес бөлімнің бастығы;

дербес бөлім бастығының орынбасары;

департаменттің, орталықтың басқарма бөлімі бастығының орынбасары;

бөлімше бастығы;

бас маман;

бас маман-психолог;

аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы;

жедел кезекші;

аға инспектор;

аға инспектор-психолог;

аға инженер;

аға инспектор-кезекші;

аға анықтаушы;

инспектор;

инспектор-психолог;

инженер;

анықтаушы.

Алайда функционалдық міндеттері: қызмет өткеруді ұйымдастыру; ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды өткізу; стратегиялық жоспарлау және жобалау қызметі; ақпараттық-талдамалық жұмыс; бақылау-ұйымдастыру жұмысы; аумақтық органдардың, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың қызметін бақылау; ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.

Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарында 2025 жылғы 1 шілдеден бастап бірқатар лауазым жаңа редакцияда толықтырылды.

Атап айтқанда, тізбе мынадай лауазымдармен толықты:

• басқарма бастығы (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

• басқарма бастығының орынбасары (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);

• қалалық (аудандық, көліктегі) полиция басқармасының (бөлімінің), полиция бөлімінің бастығының орынбасары (жедел жұмысты, тергеуді, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерін, көліктегі патрульдік полицияны үйлестіретін);

• полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысты, тергеуді, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерін, көліктегі патрульдік полицияны үйлестіретін);

• қоғамдық қауіпсіздік бөлімі (бөлімшесі) бастығы және оның орынбасары.

Сонымен қатар тізбеге аға инспектор-психолог (келіссөз жүргізуші) лауазымы енгізілді.

Қаулы 2026 жылғы 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Бұған дейін құқық қорғау қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй төлемдері кімдерге тиесілі екенін жазғанбыз.