Құқықтық мәдениет және медиация: Алматыдағы ашық диалог

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласында «Заң мен тәртіп: медиацияның қоғамдағы маңызы» тақырыбындағы конференция өтті.

Конференция Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған «Медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешені» жобасының қорытынды кезеңі ретінде өтті.

Фото: Алматы әкімдігі

Жобаның мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, медиация институтын дамыту, дауларды бейбіт жолмен шешудің баламалы тәсілдерін насихаттау және азаматтар арасында келісімге келу мәдениетін қалыптастыру еді.

Фото: Алматы әкімдігі

Іс-шараға қала прокуратурасы мен полиция өкілдері, медиаторлар, мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар ұйымдары, ҮЕҰ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Фото: Алматы әкімдігі

Конференция барысында медиацияның қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті нығайту тетіктері және түрлі сала мамандарының тәжірибелері талқыланды, сондай-ақ қатысушылар арасында пікір алмасу және сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Фото: Алматы әкімдігі