Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» шарасының алғашқы күнінде «ізін суытпай» 27 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 14 қылмыстың беті ашылды. Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
«Соның ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас боп жүру, мас күйінде көлік жүргізу, кәмелет жасқа толмағандардың кеш уақытта жүруі секілді қылмыстар тіркелді», - деп хабарлады департаменттен.
Айта кетейік қала жолдарында мас күйінде машина айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының басты міндеті – қылмыстардың ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзу фактілерінің алдын алу.