Кукушкин ATP рейтингіндегі орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тізім басындағы үздіктер үштігін бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испан Рафаэль Надаль және швейцариялық Роджер Федерер құрады.

ТОП-100 тізіміндегі жалғыз қазақстандық теннисші  Михаил Кукушкин 53-орында қалды. Жүздікке ең жақын қазақстандықтар - Александр Бублик пен Александр Недовесовтер де бұрынғы 169 және 185-орындарын сақтап қалды.

Бұған дейін теннисші қыздарымыздың әлемдік рейтингтегі орны туралы хабарлаған болатынбыз.