Испандық Рафаэль Надаль бұрынғыша әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалса, екінші орында швейцариялық теннисші Роджер Федерер тұр. Көшбасшылар үштігін неміс спортшысы Александр Зверев түйіндеді.
ТОП-100-дегі жалғыз қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 96-шы орында тұр. Үздік жүздікке жақын тұрған отандасымыз Александр Бублик бір позиция жоғалтып, 143-орынға сырғыды.