Турнирдің жеңімпазы атағын ұтып алған ұлыбританиялық Альяж Бедене финалда Кукушкинді үш сетте тізе бүктірді. Есеп - 6:4, 3:6, 6:1. Матч бір сағат 51 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин ATP Challenger турнирінің бірінші кезеңінде жергілікті теннисші Денис Кудламен сайысқа түсіп, оны 4:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтса, екінші кезеңде тайваньдық тенисші Лу Яньсюнмен шеберлік байқасып, қарсыласын 6:2, 4:6, 6:4 есебімен қапы қалдырған болатын. Содан кейін отандасымыз 1/4 финалда ресейлік қарсыласы Карен Хачановты екі сетте 6:4, 7:6 есебімен, жартылай финалда германиялық Дастин Браунды да екі сетте 6:4; 6:4 есебімен ұтқан болатын.