Тізімнің алдыңғы орнында әдеттегідей Новак Джокович (Сербия), одан кейін Энди Маррей (Ұлыбритания) және Роджер Федерер (Швейцария) тұр.
Қазақстандық Михаил Кукушкин 9 орынға төмендеп, 68-ге тұрақтады. Екі саты төмен түскен Андрей Голубев 195-орында тұр.
Ал Александр Недовесов 9 қатар көтеріліп, 218 орынға жетті. Дмитрий Попко 27 орын жоғалтып, 238-орынға дейін төмендеді.