Кукушкин бұл рейтингте Қазақстанның үздік өкілі болып қалып отыр, Александр Недовесов екінші «жүздікте» 162-ші орында тұрақтады, үшінші «жүздікте» Андрей Голубев бір саты көтеріліп, 205-ші болды, ал Дмитрий Попко 9 саты төмен түсіп, 263-ші орыннан көрінді. Жеке разряд рейтингін сербиялық спортшы Новак Джокович басқарып отыр, екінші орында - британдық Энди Мюррей, үздіктер «үштігіне» швейцариялық теннисші Роже Федерер кірді, деп жазады sports.kz.