Кукушкин АТР рейтингінде екі саты жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АТР (Association of Tennis Professionals) спортшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Үздік үштікте британдық Энди Маррей, серб Новак Джокович пен  швейцариялық Стэн Вавринка бар.

Қазақстандық теннисші Михайл Кукушкин АТР тізімінің үздік жүздігінде өз орнын екі позицияға жақсартып, 89-орынға тұрақтады.