Кукушкин АТР турнирінің ширек финалында есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Үндістандағы АТР турнирінің ширек финалында US Open 2017 жеңімпазы, ОАР теннисшісі Кевин Андерсонмен кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Андерсон үш сетте жарыстың жетінші ракеткасы қазақстандық Михаил Кукушкиннен басым түсті, есеп 6:7 (3:7), 6:4, 6:2.  

Матч 2 сағат 30 минутқа созылды. Андерсон 24 сәтті доп берді, 7 рет қате жіберді және 12 брейк-пойнттың 4-уін сәтті іске асырды. Кукушкиннің есебінде 4 эйс, доп бергенде 4 қателік және 1 брейк бар. 

Еске сала кетсек, кеше Михаил Кукушкин осы турнирінің екінші айналымында серб спортшысы Ласло Дьерені жеңді. Текетіреске толы матчта қазақстандық екі сетте де басым түсті, есеп - 7:5, 7:6.