Кукушкин «Australian Open»-нің бірінші айналымында ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда Үлкен шлемнің маусымдағы бірінші жарысы жалғасы жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Ерлер арасындағы жұптық разрядтың бірінші айналымының матчында қазақстандық Михаил Кукушкин мен австралиялық Рамиз Джунад итальяндық Симоне Болелли мен Фабио Фоньиниден 6:7 (1), 6:3, 3:6 есебімен ұтылды.

Қазақстандық пен австралиялық спортшы бірінші сетті Джунадтың доп берісінде бірнеше сет-болға ие бола тұрып, ұтылды. Ойынның екінші жартысы олар үшін одан табыстырақ өтті, ал соңғы партияда итальяндықтар ширақтық танытып, қарсыластарының мысын басты.