Бірінші раундтың матчында Кукушкин корт иесі Давид Феррерге қарсы шықты. Қазақстандық матчты өте сәтті бастады және алғашқы сет 6:2 есебімен аяқталып, жерлесіміз сенімді жеңіске жетті.
Екінші партияда теннисшілер жарысты тай-брейкке дейін жеткізіп, онда Феррердің бағы жанды. Үшінші, шешуші сетте испандық тағы да басымдық танытып, қорытынды есеп: 2:6, 7:6, 6:4 болды. Жеңіс Феррердің қоржынында.