Кукушкин Memphis Open турнирінің ширек финалына шықты
10:29, 17 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Memphis Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Екінші айналым кездесуінде Михаил барбадостық теннисші Дэриан Кингті 6:3, 6:0 есебімен жеңді.
Ширек финалда Кукушкиннің қарсыласы америкалық Стив Джонсон болмақ.