АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби-теннисшілер қауымдастығы (ATP) өз спортшылары рейтингісінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.
Көшбасшылардың үштігін өткен аптадағыдай испандық теннисші Рафаэль Надаль, швейцарлық Роджер Федерер және британдық Энди Маррей бастап тұр.
АТР рейтингінде үздік деп танылған қазақстандық Михаил Кукушкин бір баған төмен түсіп, 82-орынға ие болды. Өз кезегінде Александр Бублик бес орынға төмен сырғып, жүзінші бағанға тұрақтады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.