«Биылғы 10 айда бөлшек сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116 пайызға өсті. Ал бөлшек саудаға қатысты тұтынушылардан келіп түскен шағымдар 48 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, азаматтар тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданған өтініштер былтырғымен салыстырғанда 139 пайызға көбейді. Ағымдағы жылдың 10 айында тұтынушыларға сапасыз өнім үшін қайтарылған қаражат сомасы 612,4 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 201 пайызға артық», - деп тоқталды Асқар Тынысбеков.
Ол келтірген дерекке сай, көлік, қызмет көрсету, байланыс, қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет салалары бойынша түскен шығымдар шамамен 3 есеге өскен.