деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық көзделген міндеттерді толық шешуге бағытталмағаны бақылау барысында анықталды. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспардың көптеген іс-шаралары қағаз жүзінде қалып қойған. Есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекеттің тиімді жүйесін арттыру жөніндегі іс-шаралар қамтылмаған», делінген баспасөз баянында.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі бағдарламаның үйлестірушісі бола тұрып, оны орындаудың тиімді тетігін құруды қамтамасыз етпеген, бағдарламаның шараларын іске асыруға жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржының мөлшері, олардын қалай игеріліп жатқаны, қол жеткен нәтижелер жөнінде нақты ақпараты болмаған. Бағдарламаның іске асырылу барысына мониторингі ұйымдастырылмаған. Мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарын жетілдіруге қажетті іс-шаралар жеткілікті деңгейде атқарылмаған.
«Ішкі істер органдарының жұмысын бағалау өлшемдерін қалыптастырмаған. Жергілікті атқарушы органдардың барлығы бірдей құқық бұзушылыққа бейім балалармен жұмыс жүргізу үшін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді, алкоголизмге, нашақорлық пен уытқорлыққа душар болған адамдарды емдеуге арналған мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерін құру, сондай-ақ оңалту ұйымдарының желісін кеңейту жөнінде қажетті шараларды қабылдамаған. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, оңалту және әлеуметтік бейімдеу туралы шаралар жеткілікті дәрежеде іске асырылмаған», деп нақтылай түскен баспасөз хабарламасында.
Учаскелік полиция инспекторларын жұмысын жетілдіру мәселелері тиісті дәрежеде шешілмеген. Учаскелік полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық қамтылуы төмен деңгейде. Мәселен, (2009 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша) бағдарламаны іске асыру нәтижесінде учаскелік инспекторлардың тек 54,7 пайызы - қызметтік үй-жайлармен, 60,7-сі - радиобайланыспен, 28,7-сі - қызметтік автокөлікпен, және 50,5 пайызы ғана қызметтік телефонмен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар жеткілікті дәрежеде шешілмеген. Қызметтік үймен 4270 учаскелік полиция инспекторы немесе олардың жалпы санының 59,2 пайызы, пәтер телефонымен - 3299 немесе 45,8 пайызы ғана қамтамасыз етілген.
Есеп комитеті Үкіметке құқық бұзушылықтық алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жүесін одан әрі жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылдауға ұсыныс берді.