«Құқық» қоғамдық қорының өкілдері Астананың түзету мекемесінде болды

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін «Құқық» қоғамдық қорының директоры Ольга Рыль бастаған өкілдері Астанадағы қатаң режімдегі ЕЦ-166/10 колониясында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің қызметкері Сәуле Ахметжанованың айтуынша, қоғамдық ұйым өкілдерінің режімдік нысанда болу мақсаты ? сотталғандарға гуманитарлық көмек көрсету, еліткіш заттарға бейім есепте тұрған адамдармен алдын алу шараларын жүргізу болды. Қоғамдық ұйым өкілдері сотталғандарға жасалған коммуналдық-тұрмыстық жағдайлармен танысты, мекеменің асханасы мен орта мектебінде болды.«Құқық» қоғамдық қорының атынан сотталған 150 адамға материалдық көмек көрсетіліп, сабын, сүлгі, іш киімдер, тіс пастасы, сақал қырғыш сияқты қажетті заттар берілді. Кездесудің соңында сотталғандарды жеке мәселелерімен қабылдау ұйымдастырылды, деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.