Бұндай пікірді бүгін Астанада Қазақстан ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков айтты.
«Осы аттестациядан үмітіміз зор. Өткінішке қарай, соңғы кезде әлеуметтік және басқа да жағдайларда да біздің қатарымыздағы кейбір әріптестердің тәртіп жағы немесе жұмысқа, өмірге көзқарастары тиісті деңгейде болмай, кейбіреулері халықтың сенімінен шықпағандықтан, барша құқық қорғау органдарында аттестация жасауға байланысты осындай шешім жасалып отыр. Бүгінде ведомствоның басшылары мен ішкі істер департаменттерінің басшылары аттестаттаудан»,-деді Ө. Болсамбеков.
«Осы үдерісті күнде қарап, өзіміздің әріптестеріміздің бұл сыннан сүрінбей өтуіне тілектеспіз. Атап айтқанда, аттестациялық комиссияның жұмысы жақсы ұйымдастырылған», - деді ол.
Ардагерлер кеңесі төрағасының сөзіне қарағанда, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі жан-жақты тексерілуде.
«Жалпы осы шараны қолдаймын. Құқық органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен ойы, денсаулығы, көзқарасы жоғары дәрежеде болуы тиіс. Яғни, осы аттестацияның қорытындысы жақсы нәтиже береді деген пікірдемін», - деп түйіндеді Ө. Болсамбеков.
Айта кетейік, биыл Елбасы «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды.