Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.
«Әңгімелесуге жіберілген лауазымды тұлғалардың жалпы санынан жартысынан артығы - атудан, 22 пайызы дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтарды тапсырған жоқ. Әр оныншы қызметкер заңнаманы білуді тексеруге арналған тестілеуден өте алмады, 4 831 (5%) қызметкердің психологиялық орнықтылығының төмендігі анықталды», - деп мәлім етті А.Шпекбаев.