Құқық қорғау органдарын бақылап, олардың есеп беру жүйесін жетілдіре түсуіміз керек - Әуезов ауданының әкімі Б. Торғаев

Ы. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі, осы аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы Бекқали Торғаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында «Нұр Отан» ХДП Әуезов аудандық филиалының 2010 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауының аясында аудандық құқық қорғау органдары мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының есебі тыңдалды. Сонымен қатар ағымдағы жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізілетін іс-шаралар талқыланып, баяндамалар оқылды.

«Елбасы осы жолғы Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысын реформалауға тоқтала келе, олардың тиімсіз басқаруға жол бергенін, тиісті кадрлық жұмысты ұйымдастыра алмағанын және бақылаудың жоқтығын баса айтқан болатын. Сондықтан біз бұл кемшіліктерді жою үшін жұмыстарды қазірден бастағанымыз жөн. Ол үшін құқық қорғау органдарын бақылап, олардың есеп беру жүйесін жетілдіре түсуіміз керек», дейді аудан әкімі Б. Торғаев.