Бүгін V сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуы аясында журналистерге сұхбат берген Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов осылай айтты.
«Меніңше, бүгінде құқық қорғау органдарының қызметін жүйелі түрде өзгерту қажет. Ол үшін арнайы заң қабылдаған жөн. Енді, қараңызшы, қазіргі кезде қоғамда құқық қорғаушыларды жұртты аңдып жүрген адамдар ретінде қабылдайды. Халық олардан қорқатын болды. Ол дұрыс емес. Біз, керісінше, оларға нағыз қорғаушы ретінде қарауымыз керек қой. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметін түбегейлі өзгерту қажет», - дейді М.Әбенов. Депутаттың ойынша, ол өзгерістерді құқық қорғаушылардың мәдениетінен бастау қажет. «Әйтпесе, жол-көлік полицейлерінің өздері қауіпсіздік белбеулерін тақпай, қозғалыс ережелерін бұзып жүреді. Оның бәрі халықтың кері көзқарасын қалыптастырады», - дейді халық қалаулысы.