Құқық қорғау органдарының жұмыс істеу әдістерін жетілдіру қажет - Ахметжан Есімов

None
АЛМАТЫ. 4 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда  Алматыда ішкі істер департаментін қаржыландыру 90 пайызға ұлғайды.

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Оперативті басқару орталығының  жаңа техникалық мүмкіндіктерімен танысқан шаһар басшысы  мегаполисте криминогендік жағдайдың тұрақты екендігін атап өтті. Дегенмен  тұрғындар  жемқорлық пен сыбайластыққа қатысты жиі шағымдануда. Әсіресе Жол полициясының республикалық комитеті Жол полициясы басқармасының бастығы мен оның орынбасарларын және тіркеу-емтихан алу бөлімдерінің бастықтарын, батальон командирлерін тағайындау мен босату құқығын өзіне алғалы бері шағым мен арыз көбейіп кеткен.

 «Құқық қорғау органдарының техникалық базасын нығайтуға, қызметкерлерді қамтуға үлкен қаржы көздері бөлінуде. Биыл ІІД-іне 13,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Соңғы үш жылда қалалық бюджет қаржысы есебінен 420 жаңа көлік сатып алынып, ІІД-нің автопаркі жартылай жаңартылды. Былтыр қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өсті. Құқық қорғау органдары тарапынан қайтарым болғаны жөн, сондықтан да олар өздерінің жұмыс істеу әдістерін тұрақты жетілдіріп отырулары тиіс», -  деді  Ахметжан Есімов. Сондай-ақ айыппұл салу көлемінің азаюы мәселесін қозғады.  Егер 2009 жылы айыппұл көлемі 1 636 млн. теңге болса, 2011 жылы ол 872 млн. теңгеге дейін азайған. Ал биыл жыл басынан бері 281 млн. теңгеге айыпұл салынған.

«Қалада көлік саны артуда. Жол полициясы қызметкерлерінің қатары көбейіп, олар толық жабдықталған. Бірақ жұмыс бәз-баяғы қалпында. Бұл парадокс па, әлде ойлануды қажет ете ме!? Соңғы жылы түскен шағымның 90 пайызы жол полициясы қызметкерлерінің жұмысына қатысты», - дейді Ахметжан Смағұлұлы.