Құқық қорғау саласын реформалауға қатысты 17 құжаттың 16-сы жүзеге асты деп есептеуге болады - Әділет вице-министрі

None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралары туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында 17 заң жобасы дайындалып, оның 12-іне Мемлекет басшысы қол қойған.

Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталы арқылы өткен он-лайн конференция барысында Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, тағы 4 заң жобасы қол қою үшін Елбасының қарауына жіберілді. Тағы бір заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. Ол «Прокуратура туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты құжат. «Осылайша Мемлекет басшысының Жарлығына қатысты 16 құжатты жүзеге асты деп есептеуге болады», -дейді вице-министр.