«Елбасы Жолдауында адам құқықтарын қорғайтын қызметкерлердің өздері заң бұзатын болса, оларға өте қатаң шара қолдану қажеттігін атап өтті. Сондықтан сот және құқық қорғау органдарын жаңғырту қажеттігін айтты. Бұл ретте құқық қорғау саласы қызметкерлерін аттестациялау мәселесі қолға алынып отыр. Жалпы алғанда құқық қорғау саласының қызметі адамға қысым жасау емес, керісінше оны қорғауға негізделуі тиіс», - дейді депутат.
Оның айтуынша, бүгінде еліміздің құық қорғау органдарының қызметкерлері өздерін бір жазалаушы орган өкілі сезінеді. «Құқық қорғау саласының қызметкерлері, заңды бүге-шігесіне дейін меңгеріп, соны адам құқын қорғау үшін пайдалану керек. Біз заң аясында өмір сүруге үйренуіміз керек. Ондай мемлекеттер әлемде көп. Құқық қорғау қызметкерлері өте таза адамдар болуы тиіс», - деді Қ.Сұлтанов.