Бұл туралы бүгін Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров айтты.
Оның сөзінше, департаментте қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде кадрлық қызметті жетілдіру, ішкі істер органдарына үміткерлерді қабылдау, полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.
«Осы уақытта аттестациялық комиссия қызметінің әділ әрі ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында аталмыш комиссия құрамына ішкі істер органдарының ардагерлері мен департаменттің түрлі салаларының өкілдерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Олар тәртіп сақшыларын біліктілігі мен спортағы жетістіктері және отансүйгіштік қасиеттері бойынша бағалайды. Осыған байланысты департамент басшылығы жеке құрамның дайындық жұмыстарымен белсенді айналысуда»,-дейді А.Әубәкіров.