Құқық қорғау жүйесін реформалау жалғаспақ

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Құқық қорғау жүйесін реформалау одан әрі жалғаспақ.

Бұл тұралы бүгін ҚР Президентінің халыққа Жолдауында айқындалған негізгі басымдылықтар мен міндеттерді талдау бойынша ҚР ІІМ қарасты Көліктегі ішкі істер департаментінде болып өткен жиында ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Наталья Коржова мәлімдеді.

Көлік полициясы қоғамдық тәртіптің және әуежай, теміржол вокзалдары сынды стратегиялық орындардағы азаматтар қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік қызметінің мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, Елбасының бастамасымен жасалған көлік полициясы қызметін реформалау ісі барысында үш жеке департамент ҚР ІІМ қарасты орталық Көліктегі ішкі істер департаментіне біріктірілген болатын.

«Құқық қорғау жүйесін қайта құру нәтижесінде қызметкерлер аппараты 15 пайызға қысқартылды. Бұл қысқарту заңмен белгіленген талаптар негізінде әкімшілік реформаның қажетті шарасы ретінде жүргізілді. Реформалаудың белгілі бір кезеңінде жалақының өсуі күтілуде. Құқық қорғау органдары жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр. Соған сәйкес келешекте бірқатар лауазымдарды қайта аттестациялауға қатысты реформаның жаңа кезеңін жүзеге асыру қарастырылған», - деп мәлімдеді Наталья Коржова.