деп хабарлады Lenta.ru .
«Еуро-2012 чемпионаты кезінде ата-анаға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан да мен ата-аналардың балаларға төнуі мүмкін қауіп-қатер туралы айтып, ақпараттандыруға шақырамын. Ата-аналар балаларының қайда, кіммен араласып жүргендігін тексеріп, бақылауға алуы қажет», - деді Украинаның адам құқықтары жөніндегі өкілетті президенті Юрий Павленко. Оның сөзіне қарағанда, чемпионатты өткізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтіледі.
Ал «Ла Страда Украина» халықаралық әйелдер құқығын қорғау ұйымының президенті Екатерина Левченко Украинада тән саудасының қызып тұрғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, туристерге тән құмарлығы бойынша қызмет көрсетуге 14 жастан асқан балалар тартылған.
Футболдан Еуропа чемпионаты 8 маусымда басталады, дүбірлі дода украиналық Киев, Харьков, Донецк және Львов қалаларында өтеді, деп жазды Tengrinews.kz.