Құқықтық саясат жөніндегі кеңес ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясының жобасын қарады
08:49, 11 Қазан 2012
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Астанада 10 қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Онда Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының жобасы туралы мәселесі қарады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінен мәлім еткендей, өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.